Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
2026 жылдың 26 наурызы мен 15 мамыр аралығында Түркістан облысының барлық елді-мекенінде энзоотиялық яғни кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты әрбір мал иесі өз қора-жайларын алдын ала дайындауы қажет екенін ескертеміз.
Механикалық тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана қора-жайларда арнайы мамандар тарапынан дезинфекция (залалсыздандыру) жұмыстары ТЕГІН жүргізіледі.
⚠️ Назар аударыңыз!
Тазаланбаған, дайындалмаған қора-жайларда жүргізілген дезинфекция жұмыстары тиімді нәтиже бермейді. Сондықтан әрбір тұрғынның жауапкершілігі аса маңызды.
Барша тұрғындарды аталған жұмыстарға түсіністікпен қарап, белсенді қатысуға шақырамыз!
Энзоотиялық аурулардың алдын алу – баршамызға ортақ міндет!
Түркістан қаласында күзгі энзоотиялық іс-шаралар жоспарға сәйкес қарқынды жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы жануарлары арасында кездесетін паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында залалсыздандыру және профилактикалық жұмыстар атқарылуда.
Аталған жұмыстардың орындалу барысын Түркістан облысының «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК паразитолог маманы У.Бектибаев арнайы бақылап, әдістемелік көмек көрсетті.
Мал саулығы – ел саулығы. Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Түлкібас ауданында 2026 жылдың екінші күзгі энзоотиялық іс-шаралары
Түлкібас ауданында 2026 жылдың екінші күзгі энзоотиялық іс-шаралары басталып, қарқынды түрде жүргізілуде.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жұқпалы аурулардың алдын алу, эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау.
Қазіргі таңда ветеринария саласының мамандары бекітілген жоспарға сәйкес ауылдық округтерде тиісті ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды сапалы әрі уақтылы атқаруда. Энзоотиялық жұмыстар жануарлардың денсаулығын қорғауға және аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Түлкібас ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.